Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Halfpoint Images/Moment via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Денсаулық министрлігі әлеуметтік желінің жеткіншектерге тигізер кесірін ойлап уайымдауда. Киелі кітапта не делінген?

Денсаулық министрлігі әлеуметтік желінің жеткіншектерге тигізер кесірін ойлап уайымдауда. Киелі кітапта не делінген?

 2023 жылдың 23 мамырында Құрама Штаттардың денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі әлеуметтік желінің көп жасөспірімге кесірі тиіп жатқаны жайлы баяндама жасады.

  •    “Әлеуметтік желі кей балалар мен жасөспірімдерге пайдасын тигізіп жатқанмен, оның баланың ақыл-ойы мен денсаулығына тигізер зияны да аз емес” (“Social Media and Youth Mental Health: The U.S. Surgeon General’s Advisory, 2023”).

 Аталмыш құжатта бұл тақырыптың маңыздылығын көрсететін зерттеулер келтірілген.

  •    “Әлеуметтік желіде күніне 3 сағаттан артық отыратын 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерде депрессия, мазасыздық сияқты психикалық ауруларға ұшырау қаупі екі есе көп”.

  •    Әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетін 14 жастағы жеткіншектер “онлайн буллингке кезігеді, өзінің түр-әлпетіне көңілі толмайды, өзін төмен санайды, депрессияда жүреді және олардың ұйқысы бұзылады. Бұл белгілер ұл балаларға қарағанда, қыз балаларда көп кездеседі”.

 Ата-аналар балаларын осындай қауіптен қалай қорғаса болады? Осыған қатысты Киелі кітаптың тиімді кеңестерін қарастырып көрейік.

Ата-аналар не істей алады?

 Балаңыздың не істеп жүргенін біліп отырыңыз. Әлеуметтік желінің қандай қауіпті жақтары бар екенін қарастырып, балаңызға оны пайдалануға рұқсат бересіз бе, жоқ па, соны шешіңіз.

 Егер балаңызға әлеуметтік желіні пайдалануға рұқсат берсеңіз, оның балаңызға қаупі бар екенін есіңізден шығармаңыз. Балаңыздың онлайн әлемде не істеп жүргенін біліп отырыңыз. Бұны қалай істей аласыз?

 Балаңызды зиянды контенттен қорғаңыз. Балаңызға зиянды контентті анықтай білуді және содан аулақ жүруді үйретіңіз.

 Шектеу қойыңыз. Мысалы, балаңыз әлеуметтік желіде қашан және қанша уақыт отыратынына қатысты ережелер орнатыңыз.

  •    Киелі кітаптың кеңесі: “Сонымен, қалай әрекет ететіндеріңе мұқият ден қойыңдар, ...дана болып, уақыттарыңды барынша тиімді пайдаланыңдар” (Ефестіктерге 5:15, 16).

  •    Балаңызға шектеулер не үшін қажет екенін түсіндіру үшін “Әлеуметтік желіні ақылмен қолдан” деген фломастерлік анимацияны көрсетіңіз.