Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

YURI LASHOV/AFP via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Христиандар және соғыс. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

Христиандар және соғыс. Киелі кітап бұл жайлы не дейді?

 Украинадағы соғыстан байқалғандай, көптеген христиан дінбасылары соғысты жан сала қолдап-қолпаштап жатыр. Әр елдің шіркеу басшылары өз елін жақтайтыны келесі сөздерден көрінеді:

  •   “Отанымыз Украинаны жауыздардан жан алысып, жан берісіп қорғап жүрген барлық жауынгерімізге тағзым етіп, алғыс айтамыз... Сендерді әрдайым бар жүрегімізбен қолдаймыз, сендер үшін жан-тәнімізбен дұға етеміз”. (Киев митрополиті I Епифанийдің сөзі, The Jerusalem Post, 16 наурыз, 2022)

  •   “Орыс Православ шіркеуінің басшысы жексенбі күні орыс жауынгерлеріне арнап арнайы діни жиын өткізді. Мәскеудің Украинаға шабуылы әлі де жалғасып жатқандықтан, ол сарбаздарды елдерін “тек орыстар ғана қорғай алатындай” қорғауға шақырды” (Reuters, 3 сәуір, 2022).

 Мәсіхшілер соғысқа қатысуы керек пе? Киелі кітапта бұл жайында не делінген?

Киелі кітаптың айтары

 Киелі кітаптан Иса Мәсіхтің шын ізбасарлары соғысқа қатыспау керектігі көрінеді.

  •   “Семсеріңді қынабына сал! Қолына семсер алғандардың бәрі семсерден өледі” (Матай 26:52).

     Соғысатын не оны жақтайтын адамды Исаның осы сөздерін шынымен орындайды деуге бола ма?

  •   “Сендерге жаңа өсиет беріп отырмын: бір-біріңді сүйіңдер. Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер. Менің шәкірттерім екендеріңді жұрттың бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады” (Жохан 13:34, 35).

     Соғысты қолдайтын адам Исаның шәкіртіне тән осындай сүйіспеншілікті таныта ма?

 Көбірек білгіңіз келсе, “Христиан діні мен соғыс үйлесе ме?“ (ор.) деген мақаланы оқып көріңіз.

Мәсіхшілер мен бүгінгі соғыс

 Бүгінде мәсіхшілердің соғысқа қатыспауы мүмкін бе? Иә, мүмкін. Біз Киелі кітапта “соңғы күндер“ деп аталған уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы уақытта Исаның тәлімдеріне сай, барлық халықтар “соғысуды үйренбейтін болатыны” алдын ала айтылған (Ишая 2:2, 4).

 Жуырда “тыныштықтың Құдайы” Ехоба a көктегі үкіметі арқылы адамдарды қанаушылық пен зұлымдықтан құтқарады (Філіпіліктерге 4:9; Зәбүр 72:14).

a Ехоба деген — Құдай Тағаланың төл есімі (Зәбүр 83:18).