Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Дүниежүзі бойынша инфляция жылдам өсіп жатыр. Киелі кітапта не делінген?

Дүниежүзі бойынша инфляция жылдам өсіп жатыр. Киелі кітапта не делінген?

 2022 жылдың маусым айында Дүниежүзілік Банк ұйымының президенті былай деп ескертті: “Әлемнің экономикасы қайтадан қыл үстінде тұр. Баға барған сайын аспандап бара жатса, ал кіріс, керісінше, төмендеп бара жатыр”.

 Халықаралық Валюта қоры болса “жанармай мен азық-түліктің бағасы бір пәсте ұшып кеткені, әсіресе, кедей елдердің тұрғындарына ауыр тиіп жатқанын” хабарлады.

 Киелі кітап экономикалық қиындықтардың не үшін болып жатқанын, оларды қалай еңсеруге болатынын түсіндіреді және бұл қиындықтың түпкілікті шешілетінін айтып үміт береді.

Қымбатшылық — “соңғы күндердің” белгісі

  •   Біз өмір сүріп жатқан қазіргі уақыт Киелі кітапта “соңғы күндер” деп аталады (Тімөтеге 2-хат 3:1).

  •   Иса пайғамбар осы “соңғы күндерде” “қорқынышты нәрселер” болатынын айтқан (Лұқа 21:11). Ақшаның құнсыздануы көп адамды қорқынышта ұстап отыр. Олар болашақтарын ойлап қорқып, отбасымызды асырай аламыз ба деп уайым жейді.

  •   Аян кітабында біздің күндерімізде азық-түліктің қымбаттап кететіні алдын ала айтылған. Онда былай делінген: “Мен...: “Бір күндік еңбекақыға тек бір литрдей бидай немесе үш литрдей арпа ғана берілсін”,— деген дауысты естідім” (Аян 6:6 сілтеме, “Жаңа өмір” баспасы).

 “Соңғы күндер” жайлы толық білу үшін “1914 жылдан бастап әлем өзгерді” деген видеоны қараңыз. Ал Аян кітабында айтылған төрт салт атты жайлы білу үшін “Атқа қонған төртеу: ол кімдер?” деген мақаланы оқыңыз.

Экономикалық қиындықтарға тоқтау бар

  •   “Жұрт үйлер салып, соларға қоныстанады, Жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейтін болады. Олар үйді өзге біреу тұрсын деп салмайды, Жүзімдікті де жемісін өзгелер жесін деп отырғызбайды” (Ишая 65:21, 22).

  •   “Жер бетіне астық мол шығады, Таулардың басында да ағыл-тегіл болады” (Зәбүр 72:16).

  •   “Бірақ Ехоба мынаны айтады: “Бейшара қаналып, Жарлы күрсініп жатқандықтан, Мен орнымнан көтеріліп, әрекет етемін” (Зәбүр 12:5) a.

 Құдай жуық арада экономикалық теңсіздік мәселесін түбегейлі шешеді, ол тек бір елде ғана емес, дүниежүзі бойынша осылай етеді. Бұл қалай болатыны жайлы “Экономикалық теңсіздік мәселесі шешіле ме?” деген мақаладан көбірек біле аласыз.

 Құдайдың жоғарыда жазылған уәдесі орындалатын уақыт келгенше Киелі кітап сізге қымбатшылықта күн көруге көмектесе алады. Қалайша? Оның Сөзінде ақшаны ақылмен жаратуға байланысты жақсы кеңестер бар (Нақыл сөздер 23:4, 5; Уағыздаушы 7:12). Бұл жайлы көбірек білу үшін “Қаражатты жұмсай біліңіз” және “Азға қанағат ету” деген мақалаларды қараңыз.

a Ехоба — Құдайдың Киелі кітаптағы дара есімі (Зәбүр 83:18).