Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Comstock Images/Stockbyte via Getty Images

Жемқорлық. Құдай Патшалығы не істейді?

Жемқорлық. Құдай Патшалығы не істейді?

 Қазір ел сенімін ақтайтын басшы халықтардың асыл арманына айналған. Жұрт тойымсыз билеушілерге әбден тойып біткен. 2023 жылы жүргізілген бір сауалнамаға сай, үкімет басшылары адамдар сенуден қалған тұлғалардың тізімін бастап тұр екен a.

 Киелі кітапта билеушісі сенімді, шыншыл әрі жемқорлықты жаны жаратпайтын бір үкімет жайлы айтылады. Бұл үкімет — Құдай Патшалығы, ал оның билеушісі — Иса Мәсіх (Ишая 9:7).

 Иса пайғамбар — адамдарға шын қамқоршы екенін тек сөзбен емес, іспен дәлдеген тұлға (Матай 9:35, 36). Құдай Патшалығының патшасы болғандықтан, ол билігін қолдаймын дегендерге бар жақсылығын аямай, әділдік пен бейбітшілік орнататын болады (Зәбүр 72:12—14).

a “2023 Edelman Trust Barometer Global Report”.