Мазмұнға өту

Құдай Патшалығы қандай игілік әкеледі?

Құдай Патшалығы қандай игілік әкеледі?

Киелі кітаптың жауабы

 Құдай Патшалығы барлық адами үкіметтердің орнына келіп, бүкіл жержүзіне билік етеді (Даниял 2:44; Аян 16:14). Сол кезде бұл Патшалық келесідей игіліктер әкеледі:

  •   Зұлымдарды жояды, себебі солардың ашкөздігінен бәріміз жапа шегудеміз. “Зұлымдар жер бетінен құрып жоқ болады” (Нақыл сөздер 2:22).

  •   Барлық соғыстарға нүкте қояды. “[Құдай] күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады” (Зәбүр 46:9).

  •   Жер бетінде ырыс пен қауіпсіздік болады. “Әркім өз жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отырады, Ешкім де оларды қорқытпайды” (Миха 4:4).

  •   Жер шарын жәннатқа айналдырады. “Шөл дала қуанып, бәйшешектей жайнайды” (Ишая 35:1).

  •   Әрбір адамды сүйіп істейтін мағыналы жұмыспен қамтамасыз етеді. “[Құдайдың] таңдаулылары еңбектерінің рақатын көреді. Олардың бейнеттері желге кетпейді” (Ишая 65:21—23).

  •   Ауру атаулыны құртады. “Ешкім: “Мен науқаспын”,— демейтін болады” (Ишая 33:24).

  •   Бізді кәріліктен арылтады. “Денесі жас кезіндегіден де уылжып тұрсын, Балғын шағындағы күш-жігері қайта оралсын!— дейді” (Әйүп 33:25).

  •   Марқұм болғандарды қайта тірілтеді. “Қабірдегілердің бәрі [Исаның] даусын естиді... сонда олар қабірден шығады” (Жохан 5:28, 29).