Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сенімім бар

Сенімім бар

(Зәбүр 27:13)

Жүктеу:

  1. 1. Арыстанның тісінен,

    Жауларымның күшінен

    Селк етпейді жүрегім,

    Өйткені білемін,

    Ехоба жанымда менің!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сенімім бар үміт нұрын төгетін,

    Сенімім бар үрейді жеңетін.

    Күш беріп маған дәйім

    Ехоба Құдайым,

    Ешқашан жалғыз тастамайды.

    Сенімім бар.

  2. 2. От пен суға салса да,

    Сынбайтын жандар болған.

    Күмән жоқ, олардың

    Болашағы жарқын,

    Оянады бәрі алда.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сенімім бар үміт нұрын төгетін,

    Сенімім бар үрейді жеңетін.

    Күш беріп маған дәйім

    Ехоба Құдайым,

    Ешқашан жалғыз тастамайды.

    Сенімім бар.

    ӨТКЕЛ:

    Сенім барда жықпас мені ешкім,

    Сенім — әл-қуатым ішкі.

    Сенімімнен

    Күн сайын күш алып келем,

    Сынбай қиындыққа ешбір.

  3. 3. Келешегім кемелді,

    Бар назарым сонда.

    Күтсем сәл ғана,

    Көремін жуырда

    Құдайымның ұлы жеңісін!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сенімім бар үміт нұрын төгетін,

    Сенімім бар үрейді жеңетін.

    Күш беріп маған дәйім

    Ехоба Құдайым,

    Ешқашан жалғыз тастамайды.

    Сенімім бар.

    Сенімім бар.

(Сондай-ақ Евр. 11:1—40 қараңыз.)