Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ехоба сені күтеді

Ехоба сені күтеді

Жүктеу:

  1. 1. Айтшы, мына жалғанда

    Сүрінбес жан бар ма?

    “Қателеспеймін”

    Деп, сірә, кім айта алар?

    Сен де бұл өмірде

    Қателіктен күйінсең,

    Тарықпа оңашада,

    Құдайдың бас тартпа көмегінен.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жығылып қалғанда,

    Тұрудан тайынба.

    Қатеңнен сабақ ал,

    Жеңілме, еш сынба!

    Қолын еш түсірмей

    Созып әлі күнге дейін,

    Ехоба көтерер,

    Тек сен де қолыңды бер.

    Ол сені күтуде!

  2. 2. Өкінсең де өткенге,

    Қайтып келмес ол енді.

    Қиналып тұрсаң да, өзгерт

    Дәл осы сәтіңді.

    Құдайың Ехоба

    Көріп мүшкіл халіңді,

    Мейіріммен ол сені

    Бағыттайды қайта өз жолына.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жығылып қалғанда,

    Тұрудан тайынба.

    Қатеңнен сабақ ал,

    Жеңілме, еш сынба!

    Қолын еш түсірмей,

    Созып әлі күнге дейін

    Ехоба көтерер

    Тек сен де қолыңды бер!

    ӨТКЕЛ:

    Айыптар мүмкін жүрегің,

    Құдай бәрін де біледі.

    Шынайы сүйетініне

    Сендіреді,

    Күтіп сені!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жығылып қалғанда,

    Тұрудан тайынба.

    Қатеңнен сабақ ал,

    Жеңілме, еш сынба!

    Қолын еш түсірмей,

    Созып әлі күнге дейін

    Ехоба көтерер,

    Тек сен де қолыңды бер.

    Ол сені күтуде!

    Ол сені күтуде!