Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2-САБАҚ

Неге біз Ехоба куәгерлері деп аталамыз?

Неге біз Ехоба куәгерлері деп аталамыз?

Нұх

Ыбырайым мен Сара

Мұса

Иса Мәсіх

Көп адам Ехоба куәгерлерін жаңадан пайда болған дін ретінде қабылдайды. Алайда 2700 жылдан астам уақыт бұрын жалғыз шынайы Құдайдың қызметшілері де “куәгерлер” деп аталған (Ишая 43:10—12). 1931 жылға дейін біз Киелі кітап зерттеушілері деген атпен белгілі болдық. Бірақ кейіннен Ехоба куәгерлері деп атала бастадық. Бұған не себеп болды?

Бұл атау қай Құдайға қызмет ететінімізді көрсетеді. Ежелгі қолжазбалардан көрінетіндей, Құдайдың Ехоба деген есімі Киелі кітапта мыңдаған рет кездеседі. Көп аудармаларда бұл есім Жаратушы Ие не Құдай деген сөздермен алмастырылған. Алайда жалғыз шынайы Құдай Мұса пайғамбарға өз есімін ашып, былай деген: “Мені сендерге ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың Құдайы Ехоба жіберді,— деп айт. Мәңгі бақи менің есімім осылай болмақ” (Мұсаның 2-жазбасы 3:15). Осы есімі арқылы Ехоба Құдай өзін барлық жалған құдайлардан ерекшеледі. Біз Құдайдың киелі есімімен аталуды мәртебе санаймыз.

Бұл атау қандай іс атқаратынымызды көрсетеді. Әбіл есімді адал кісі және одан кейін өмір сүрген басқа да көптеген адамдар ғасырлар бойы Ехоба Құдайға деген сенімдері жайлы куәлік еткен. Мысалы, Нұх, Ыбырайым, Сара, Мұса, Дәуіт және тағы басқалары “бұлт іспетті осыншама көп куәгердің” қатарында болған (Еврейлерге 11:4—12:1). Куәгер болған адамның сотта жазықсыз адамды қорғап куәлік беретіні сияқты, біз де Құдай жайлы шындықты паш етуге белді бекем будық.

Біз Иса пайғамбарға еліктейміз. Киелі кітапта ол “адал да шынайы куәгер” деп аталған (Аян 3:14). Иса адамдарға Құдайдың “есімін ашқан” және әрдайым ол жайлы шындықты айтып, “куәлік еткен” (Жохан 17:26; 18:37). Сол себепті Исаның шынайы ізбасарлары Ехобаның есімімен аталып, оны өзгелерге жариялаулары керек. Ехоба куәгерлері осылай етуге тырысады.

  • Киелі кітап зерттеушілері не себепті Ехоба куәгерлері деп аталатын болды?

  • Ехоба Құдайдың қызметшілері ол жайлы қашаннан бері куәлік етіп келеді?

  • Ехобаның ең ұлы Куәгері кім?