Жохан 18:1—40

  • Яһуданың Исаға опасыздық жасауы (1—9)

  • Петірдің семсерді қолдануы (10, 11)

  • Исаның Аннасқа апарылуы (12—14)

  • Петірдің Исадан бірінші рет тануы (15—18)

  • Иса Аннастың алдында (19—24)

  • Петірдің Исадан екінші және үшінші рет тануы (25—27)

  • Исаның Пилаттың алдында тұруы (28—40)

    • “Менің Патшалығым осы дүниелік емес” (36)

18  Осыны айтқан соң, Иса шәкірттерімен сол жерден шығып, Қидрон аңғарының*+ арғы бетіндегі баққа барды+.  Ол жерді оған опасыздық жасайтын Яһуда да білетін, өйткені Иса шәкірттерімен сонда жиі жиналатын.  Яһуда бір топ сарбазды және жоғарғы діни қызметкерлер мен парызшылдар жіберген сақшыларды ертіп сонда келді. Олар қолдарына шам, алау, қару ұстап алған еді+.  Өзіне не боларын түгел білетін Иса алға шығып: “Кімді іздеп жүрсіңдер?”— дегенде,  олар: “Назареттік+ Исаны”,— деп жауап берді. Сонда Иса: “Ол — менмін”,— деді. Оған опасыздық жасайтын Яһуда да солардың қасында тұрды+.  Исаның “ол — менмін” дегенін естігенде, олар артқа шегініп, құлап түсті+.  Сонда Иса: “Кімді іздеп жүрсіңдер?”— деп қайта сұрады. Олар: “Назареттік Исаны”,— деп жауап қатты.  Бұған Иса: “Мен солмын деп айттым ғой. Іздеп жүргендерің мен болсам, мыналарға тимеңдер, кете берсін”,— деді.  Ол мұны “маған бергендеріңнің бірде-біреуін жоғалтпадым”+ деген сөзі орындалу үшін айтқан еді. 10  Сонда семсермен жүрген Шимон Петір оны суырып алды да, бас діни қызметкердің құлының оң құлағын шауып түсірді+. Құлдың есімі Мәлік еді. 11  Бірақ Иса Петірге: “Семсеріңді қынабына сал+! Әкем берген тостағаннан* ішуім керек емес пе+?”— деді. 12  Сол кезде сарбаздар, мыңбасы және яһуди басшылары жіберген сақшылар Исаны ұстап алып, байлады да, 13  алдымен Аннасқа апарды. Аннас сол жылы бас діни қызметкер болған Қаяпаның қайын атасы еді+. 14  Халық үшін бір кісінің өлгені өздеріңе жақсы деп, яһуди басшыларына кеңес берген осы Қаяпа болатын+. 15  Шимон Петір мен тағы бір шәкірт Исаның соңынан ілесіп отырды+. Бұл шәкірт бас діни қызметкермен таныс еді, сондықтан оның үйінің ішкі ауласына Исамен бірге кірді. 16  Ал Петір сыртта, қақпа алдында қалды. Бас діни қызметкердің танысы болған әлгі шәкірт сыртқа шығып, қақпа күзететін қызметші қызбен сөйлесті де, Петірді ішке кіргізді. 17  Қызметші қыз Петірден: “Сен де осы кісінің шәкірттерінің бірі емессің бе?”— деп сұрағанда, ол: “Жоқ”,— деп жауап қайырды+. 18  Күн суық болғандықтан, құлдар мен сақшылар от жағып, жылынып тұрды. Петір де солардың қасында жылынып тұрды. 19  Жоғарғы діни қызметкер Исадан шәкірттері мен тәлімдері жөнінде сұрады. 20  Иса былай деді: “Мен жұртқа ашық сөйлеп, яһудилер жиналатын мәжілісханалар мен ғибадатханада тәлім беріп жүрдім+. Ештеңені жасырын айтқан жоқпын. 21  Неге менен сұрайсыз? Не айтқанымды мені тыңдағандардан сұраңыз. Не дегенімді солар біледі”. 22  Иса осыны айтқан кезде, сонда тұрған сақшылардың бірі оны жағынан тартып жіберіп+: “Жоғарғы діни қызметкерге қалай-қалай сөйлейсің?”— деді. 23  Иса: “Дұрыс емес нәрсе айтқан болсам, оны дәлелде. Ал айтқаным дұрыс болса, неге ұрасың?”— деп жауап қатты. 24  Осыдан кейін Аннас Исаны байлаулы күйі бас діни қызметкер Қаяпаға+ жіберді. 25  Ал Шимон Петір әлі отқа жылынып тұрғанда, қасындағылар: “Сен де соның шәкірттерінің бірі емессің бе?”— деді. Ол: “Жоқ”,— деп мойындамады+. 26  Сонда бас діни қызметкердің құлдарының бірі, Петір құлағын шауып түсірген+ кісінің туысы: “Сені онымен бірге бақта көрдім емес пе?”— деді. 27  Петір тағы мойындамады, сол заматта әтеш шақырды+. 28  Таң сәріде олар Исаны Қаяпаның үйінен әмірші сарайына алып келді+. Бірақ өздері кірмеді, әйтпесе арамдалып+, Құтқарылу мейрамының асын жей алмай қалар еді. 29  Сондықтан Пилаттың өзі шығып: “Мына кісіге тағатын қандай айыптарың бар?”— деп сұрады. 30  Олар: “Қылмыскер болмаса, оны сізге ұстап әкелмес едік”,— деп жауап берді. 31  Пилат: “Оны өздерің алып кетіп, заңдарыңа сай соттаңдар”,— дегенде+, олар: “Біреуді өлтіруге біздің қақымыз жоқ”,— деді+. 32  Бұл Исаның қалай өлетініне қатысты айтқан сөздері орындалу үшін болды+. 33  Пилат қайтадан сарайға кірді де, Исаны шақыртып алып: “Сен яһудилердің патшасысың ба?”+— деп сұрағанда, 34  Иса: “Мұны өзіңіз айтып тұрсыз ба, әлде мен туралы сізге басқалар айтты ма?”— деді. 35  Бұған Пилат: “Мен не, яһудимін бе? Сені маған ұстап әкелген өз халқың және жоғарғы діни қызметкерлер ғой. Не істеп едің?”— деді. 36  Иса: “Менің Патшалығым осы дүниелік емес+. Егер осы дүниелік болса, қызметшілерім яһудилердің қолына түспеуім үшін күресер еді+. Бірақ менің Патшалығым осы дүниелік емес”,— деп жауап берді+. 37  Сонда Пилат: “Сонымен, патшасың ғой?”— деді. Исаның жауабы мынау болды: “Патша екенімді өзіңіз айтып тұрсыз+. Мен шындық туралы куәлік ету үшін туылдым, сол үшін осы дүниеге келдім+. Шындықты жақтайтын әркім менің даусыма құлақ салады”. 38  Пилат: “Шындық деген не?”— деді. Осыны айтқан соң, тағы да яһудилерге шығып, мынаны айтты: “Мен одан ешқандай айып таппадым+. 39  Өз салттарың бойынша Құтқарылу мейрамында бір тұтқынды босатып беремін+. Яһудилердің патшасын босатқанымды қалайсыңдар ма?” 40  Сонда олар: “Оны емес, Бараббаны!”— деп тағы да айқайлады. Ал Барабба қарақшы болатын+.

Сілтемелер

Немесе “Қидронның қыстағы ағысы”.
“Тостаған” Исаға жалған айып тағылып, өлтірілетініне қатысты Құдайдың еркін білдіреді.