Мұсаның 1-жазбасы 3:1—24

  • Адамның алғаш күнә жасауы (1—13)

    • Алғашқы өтірік (4, 5)

  • Ехобаның бүлікшілерге шығарған үкімі (14—24)

    • Әйелдің ұрпағы жайлы пайғамбарлық (15)

    • Едемнен қуылу (23, 24)

3  Ехоба Құдай жаратқан жабайы хайуанаттардың ішіндегі ең сағы жылан еді+. Ол әйелге: “Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?”— деді+.  Әйел жыланға былай деді: “Бақтағы ағаштардың жемісін жей аламыз+.  Бірақ бақтың ортасындағы ағаштың жемісі+ жайлы Құдай: —Одан жемеңдер, тіпті оған тимеңдер, әйтпесе өлесіңдер,— деген”.  Сонда жылан әйелге: “Жоқ, өлмейсіңдер+.  Оны жеген күні көздерің ашылып, ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп, Құдай сияқты болатындарыңды ол біледі”,— деді+.  Содан әйел ағаштың жемісі жеуге жақсы екенін әрі көздің жауын алып, қызықтырып тұрғанын байқады. Сөйтіп, оның жемісін алып жеді+. Кейін күйеуі қасында болғанда, жемісті оған берді, ол да жеді+.  Сол кезде екеуінің де көздері ашылып, өздерінің жалаңаш екенін түсінді. Сондықтан інжір жапырақтарын біріктіріп тігіп, алжапқыш жасап алды+.  Кейінірек еркек пен әйел салқын түскен мезгілде бақтың ішінде жүрген Ехоба Құдайдың даусын естіді. Сонда олар Ехоба Құдайдың жүзінен тасаланып, бақтағы ағаштардың арасына жасырынып қалды.  Ехоба Құдай адамды: “Сен қайдасың?”— деп қайта-қайта шақырды. 10  Ақырында адам: “Бақта даусыңды естідім. Бірақ жалаңаш болғандықтан, қорқып тығылып қалдым”,— деп жауап қатты. 11  Сонда Құдай: “Саған кім жалаңашсың деді+? Әлде мен жеуге тыйым салған ағаштың жемісін жедің бе+?”— деп сұрады. 12  Бұған адам: “Өзің берген әйел маған сол ағаштың жемісін ұсынды, сондықтан жедім”,— деді. 13  Ехоба Құдай әйелден: “Бұл не істегенің?”— деп сұрағанда, ол: “Мені жылан алдады, сондықтан жедім+”,— деп жауап берді. 14  Сонда Ехоба Құдай жыланға+ былай деді: “Осылай істегенің үшін, мал мен жабайы аң атаулының ішіндегі сені қарғыс атсын. Өмір бойы бауырыңмен жорғалап, топырақ жейтін боласың. 15  Мен әйел+ екеуіңді, сенің+ ұрпағың+ мен әйелдің ұрпағын+ өзара өштестіріп қоямын+. Әйелдің ұрпағы сенің басыңды мыжиды*+, ал сен оның өкшесін шағасың*+”. 16  Құдай әйелге: “Жүктілік кездегі азабыңды күшейте түсемін, балаларыңды қиналып босанасың. Сен күйеуіңе құштар боласың, ал ол саған үстемдік етеді”,— деді. 17  Адамға* болса Құдай былай деді: “Әйеліңнің тілін алып, жеуге тыйым салынған+ ағаштың жемісін жегенің үшін, сенің кесіріңнен жерді қарғыс атты+. Енді өмір бойы жердің өнімін азап шегіп жүріп жейтін боласың+. 18  Жер саған тікен мен арамшөп өсіріп шығарып, азығың дала өсімдіктері болады. 19  Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше+, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп табатын боласың. Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың+”. 20  Осыдан кейін Адам әйелін Хауа* деп атады, өйткені ол бүкіл адамзатқа ана болып, өмір бермек еді+. 21  Ехоба Құдай Адам мен оның әйелі кисін деп, теріден ұзын киім жасап берді+. 22  Сосын Ехоба Құдай былай деді: “Міне, адам біз сияқты жақсылық пен жамандықты білетін болды+. Енді ол өмір сыйлайтын ағашқа+ қолын созып, жемісін алып жеп, мәңгі өмір сүріп жүрмесін...” 23  Сөйтіп, Ехоба Құдай оны Едем бағынан+ шығарып жіберіп, оған өзі жаратылған жердің топырағын өңдетіп қойды+. 24  Құдай Адамды қуып шыққаннан кейін, өмір сыйлайтын ағашқа апаратын жолды күзету үшін, Едем бағының шығыс жағына керуб*+ деген періштелер мен жүзінен от жалындап, айналып тұрған семсер қойды.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “зақымдайсың”.
Сөзбе-сөз “зақымдайды”.
Мағынасы “жерден жаратылған; адам баласы”.
Мағынасы “өмір сүруші”.