Зәбүр 8:1—9

  • Құдайдың салтанаты мен адамның қадірі

    • “Есімің неткен ұлы!” (1, 9)

    • “Пенде кім сонша?” (4)

    • Адамға салтанатты тәж етіп кигіздің (5)

Ән-күй жетекшісіне. Гиттит*. Дәуіттің жыры. 8  Уа, Ехоба Иеміз, жержүзінде есімің неткен ұлы! Көктен де жоғары жайдың салтанатыңды+!*   Сен балалар мен сәбилердің аузымен+ күшіңді паш еттің,Мұны дұшпандарың үшін істедің,Жауың мен кекшілдің үнін өшіру үшін істедің.   Мен көкке, сенің қолыңнан шыққан туындыларға,Өзің жаратқан ай мен жұлдыздарға көз салғанымда+,Мынадай сұрақтар туады ойымда:   Сен ұмытпайтындай пенде кім сонша? Қамын ойлайтындай адам баласы кім+?   Сен оны періштелерден* сәл төмен қойдың,Ұлылық пен салтанатты тәж етіп кигіздің.   Қолыңнан шыққан күллі жаратылысты соның билігіне тапсырдың+,Бәрін де аяғының астына салып бердің:   Ұсақ малды да, ірі қараны да,Даладағы жабайы аңдарды да+,   Әуедегі құстар мен теңіздегі балықтарды да,Теңіз ағысымен жүзетін күллі тіршілік атаулыны да.   Уа, Ехоба Иеміз, жержүзінде есімің неткен ұлы!

Сілтемелер

Мүмкін: “Салтанатың көктен де жоғары жарияланады!”
Немесе “Құдайға ұқсайтындардан”.