Зәбүр 73:1—28

  • Құдайдан қорқатын адам рухани қайта жанданады

    • “Аяғым тайып кете жаздады” (2)

    • “Күні бойы қиналушы едім” (14)

    • “Құдайдың ғибадатханасына кірмейінше, осылай болды” (17)

    • Зұлымдар тайғақ жерде тұр (18)

    • “Құдайға жақын болғаным қандай игі!” (28)

Асаптың+ жыры. 73  Құдай Исраилге, әсіресе ақжүректілерге шынымен игілік жасайды+.   Ал мен жолдан таюға шақ қалдым,Аяғым тайып кете жаздады+.   Себебі зұлымдардың өркендеуін көргенде,Сол менмендерге қызғана қарайтынмын+.   Олар еш азапсыз көз жұмады;Денелері сом, денсаулықтары мықты+.   Басқалар сияқты қиындық көрмейді+,Солар сияқты азап та шекпейді+.   Тәкаппарлықты моншақ етіп тағады+,Зорлық-зомбылықты киім етіп киеді.   Тоқшылықтан көздері адырайып тұрады;Арам пиғылдары өздері күткеннен де асып түседі.   Мысқылдап сөйлейді, айтатындары — жамандық+. Паңдана қоқан-лоқы көрсетеді+.   Көктен сөйлеп тұрғандай бөседі,Тілдері жерді шарлап жүреді. 10  Сондықтан Құдай халқы соларға мойын бұрып,Олардың мол суынан ішеді*. 11  Олар: “Құдай қайдан білсін+? Не болып жатқанын Құдай Тағала білуші ме еді?”— дейді. 12  Иә, үнемі бейқам жүретін зұлымдар осындай боп келеді+,Олар байлықтарын көбейте береді+. 13  Мен жүрегімді бекерге таза сақтаппын,Кінәратсыз екенімді көрсету үшін қолымды босқа жуыппын+. 14  Күні бойы қиналушы ем+,Күн сайын таңертең Құдай мені жөнге салушы еді+. 15  Бірақ бұлар жөнінде айтар болсам,Сенің халқыңа опасыздық жасаған болар ем. 16  Осыны түсінуге тырысып ем,Бұл менің мазамды қашырды. 17  Құдайдың айбынды ғибадатханасына кіріп,Оларды не күтіп тұрғанын білгенімше осылай болды. 18  Иә, сен оларды тайғақ жерге тұрғызасың+,Құлатып, көздерін құртасың+. 19  Олар күтпеген жерден жоқ болады+! Үрейлері ұшып, лезде құрып жоғалады! 20  Адам оянғанда, көрген түсі ғайып болады,Уа, Ехоба, орныңнан түрегелгенде, сен де оларды жоқ қыласың. 21  Бірақ менің жүрегім қан жылады+,Жан дүнием* қатты азаптанды. 22  Мен сана мен түсініктен жұрдай едім,Көз алдыңда түйсіксіз хайуанға ұқсадым. 23  Ал енді үнемі өзіңмен біргемін,Сен мені оң қолымнан ұстап жетелеп жүрсің+. 24  Ақыл-кеңесіңмен маған жол сілтейсің+,Ал ақырында салтанатқа жеткізесің+. 25  Көкте сенен басқа арқа сүйер кімім бар? Жерде де өзіңнен басқа ештеңені қаламаймын+. 26  Тәнім мен жүрегім әлсірер,Бірақ Құдай — көңіліме медет болар жартасым, мәңгілік үлесім+. 27  Міне, сенен алшақтағандар құрып жоқ болады. Сен опасыздықпен өзіңді тастап кеткендердің көзін құртасың+. 28  Ал менің Құдайға жақын болғаным қандай игі+! Барлық істерін жариялау үшін+,Мен Әлемнің Әміршісі Ехобаны паналадым.

Сілтемелер

Мұнда Құдай халқының зұлымдар беретін судан ішу үшін мойын бұрғаны жөнінде айтылса керек.
Сөзбе-сөз “Бүйрегім”.