Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Құдайға бәрібір ме?”

“Құдайға бәрібір ме?”

“ҚҰДАЙ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР?” ДЕГЕН СҰРАҚ ОЙЫМНАН ЕШ КЕТПЕЙ ҚОЙДЫ”. Бұл — Рим папасы XVI Бенедиктің Польшадағы миллиондаған адамның өмірі қиылған Освенцим концлагерінде болғанда айтқан сөзі.

ДҮНИЕДЕ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙЛАР ОРЫН АЛҒАНДА НЕ ӨЗІҢІЗ ҚАНДАЙ ДА БІР БАҚЫТСЫЗДЫҚҚА ТАП БОЛҒАНДА, “МЕНІҢ ЖАҒДАЙЫМ ҚҰДАЙҒА БӘРІБІР МЕ?” ДЕП ОЙЛАҒАН КЕЗІҢІЗ БОЛҒАН БА?

Құрама Штаттарда тұратын Шейланың сезімдері сізге таныс болар. Дінді қатты ұстанатын отбасында өскен ол былай дейді: “Бала кезімнен Жаратушы ретінде Құдайды жаныма жақын тартып өстім. Бірақ шын мәнінде ол менен алыс болып көрінетін. Бар болғаны, мені бақылап отырған сияқты болатын. Мені жек көрмейтінін білетінмін, бірақ мені жақсы көреді дегенге де сенбейтінмін”. Шейла неге мұндай сезімде болғанын былай деп түсіндірді: “Отбасым бақытсыздықтан бір көз ашпады. Сол кезде Құдайдың бізге көмектесетін ойы да жоқ сияқты көрінетін”.

Сіздің Шейла сияқты Құдіреті шексіз Құдайдың бар екеніне күмәніңіз жоқ шығар. Бірақ ол сіздің қамыңызды ойлайтынына күмәнданарсыз. Жаратушының құдіреті мен даналығына сенген Әйүп пайғамбардың да осылай ойлаған кездері болған (Әйүп 2:3; 9:4). Оның басына бірінен соң бірі қасірет түсіп, ешбір үміті қалмағанда, ол Құдайға: “Неге менен жүзіңді жасырасың, Мені өзіңе жау көресің?”— деген (Әйүп 13:24).

Басымызға түскен қасіретке Құдай кінәлі ме? Құдай барлық адамзаттың не жеке әрқайсысымыздың қамымызды ойлайтынына қандай да бір дәлел бар ма? Құдайдың бізге көз қырын салып жүретініне, бізді түсінетініне, бізге жаны ашитынына әрі көмектесетініне көзі жеткен адам бар ма? Бұл сұрақтарға Киелі кітап қалай жауап береді?

Келесі мақалалардан жаратылыстарға қарап Құдайдың қамымызды ойлайтынын білеміз (Римдіктерге 1:20). Сондай-ақ бұл жайында Киелі кітапта не делінгенін көреміз. Жаратылыстар арқылы және Киелі кітап арқылы Құдайды “жақыннан таныған” сайын, оның “қамымызды ойлайтынына” сенімді бола түсеміз (Жоханның 1-хаты 2:3; Петірдің 1-хаты 5:7).