Мазмұнға өту

Адамның қандай да бір діни ұйымның мүшесі болуы шарт па?

Адамның қандай да бір діни ұйымның мүшесі болуы шарт па?

Киелі кітаптың жауабы

 Иә, өйткені Құдай адамдардың өзіне ғибадат ету үшін бас қосқандарын қалайды. Киелі кітапта: “Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік”,— деп жазылған (Еврейлерге 10:24, 25).

 Кезінде Иса пайғамбар: “Менің шәкірттерім екендеріңді жұрттың бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады”,— деп айтқанда, өз ізбасарларының ұйымдасқан топ болып жиналатынына нұсқаған болатын (Жохан 13:35). Бір-біріне сүйіспеншілік таныту үшін, Иса пайғамбардың шәкірттері өзара тығыз араласу керек-тін. Олар бірнеше қауым болып ұйымдасып, үнемі бас қосып тұрмақ еді (Қорынттықтарға 1-хат 16:19). Ал барлығы бірге бір дүниежүзілік ұйымды құрау керек болды (Петірдің 1-хаты 2:17).

Діни ұйымның мүшесі болған жеткілікті ме?

 Киелі кітаптан көрінетіндей, Құдай адамдардың өзіне ғибадат ету үшін жиналып тұрғандарын қалайды. Бірақ Құдайға ұнамды болу үшін адамның қандай да бір діннің мүшесі болғаны жеткіліксіз. Құдайдың ықыласына ие болу үшін дін адамның күнделікті өміріне әсер ету керек. Бұл жайында Киелі жазбаларда былай делінген: “Құдайымыз әрі Әкеміздің көз алдындағы таза да арамдалмаған ғибадат — жапа шеккен жетім-жесірлерге қамқорлық жасау және өзімізді осы дүниедегі арамдықтардан кіршіксіз таза ұстау” (Жақып 1:27).