Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері тек біз құтқарыламыз деген ойда ма?

Ехоба куәгерлері тек біз құтқарыламыз деген ойда ма?

Жоқ. Өткен ғасырларда өмір сүрген әрі Ехоба куәгері болмаған миллиондаған адамның құтқарылуға деген үміті бар. Киелі жазбаларда Құдай уәде еткен жаңа дүниеде “әділдердің де, әділетсіздердің де қайта тірілетіні” жөнінде айтылған (Елшілердің істері 24:15). Бұған қоса, әлі Құдайға қызмет етуді бастамаған адамдар көп. Солар да құтқарыла алады. Қайткен күнде де, кімнің құтқарылып, кімнің құтқарылмайтынын шешетін біз емес. Бұл іс Исаға тапсырылған (Жохан 5:22, 27).