Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Thomas Jackson/​Stone via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

2024 жылға қандай үміт артамыз? Киелі кітапта не делінген?

2024 жылға қандай үміт артамыз? Киелі кітапта не делінген?

 Көп адамдар әлемде орын алып жатқан қиындықтар 2024 жылы шешілетініне сенбейді. Десе де, болашаққа үміт бар. Қандай?

Киелі кітап үміт сыйлайды

 Жарқын болашаққа ешқандай үміт жоқтай көрінсе де, Киелі кітап Құдай қиындықтарымызды шешетінін уәде етеді. Жақында Құдай біздің “көзіміздегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4).

Киелі кітап қазірдің өзінде көмектесе алады

 Киелі кітап сыйлайтын үміттің арқасында сіз жаман ойлар мен сезімдерді жеңіп, болашақтан жақсылық күте аласыз (Римдіктерге 15:13). Киелі кітаптағы тиімді кеңестер қазірдің өзінде сізге кедейшілік, әділетсіздік және ауыр дерт сияқты қиындықтарды еңсеруге көмектеседі.

 2024 жыл өзіңіз және отбасыңыз үшін жақсы өтсін десеңіз, Киелі кітаптың көмегіне жүгініңіз. Бұл үшін тегін Киелі кітап курсын өтіп көріңіз. Сонда Құдай бізге қазірдің өзінде “тыныштық беретінін”, сонымен қатар “жарқын болашақ пен үміт сыйлайтынын” білесіз (Еремия 29:11).