Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

74-ӘН

Патшалық әнін бірге шырқайық!

Патшалық әнін бірге шырқайық!

(Зәбүр 98:1)

  1. 1. Мадақтайды бұл ән Ұлы Тұлғаны,

    Жеңісіне куә бол, халайық!

    Үміт есіп, қайрат берер бұл әнді

    Бір дауыспен, келіңдер, шырқайық!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Міне, Құдай отыр тақта!

    Ұлы оның — әділ Патша!

    Бас иелік, тағзым етіп Құдайға,

    Жеңіс әнін бізбен бірге шырқа!

  2. 2. Бұл жаңа ән — Патшалықтың жаршысы,

    Қол астында күллі жер Исаның.

    Түрлі ұлттан құралған жаңа халық

    Паш етуде билігін Патшаның.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Міне, Құдай отыр тақта!

    Ұлы оның — әділ Патша!

    Бас иелік, тағзым етіп Құдайға,

    Жеңіс әнін бізбен бірге шырқа!

  3. 3. Шумақтары әннің Патшалық жайлы

    Кеудемізде сайрасын мәңгілік.

    Бар момындар естіп ізгі хабарды,

    Бұл үмітті шырқасын ән қылып.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Міне, Құдай отыр тақта!

    Ұлы оның — әділ Патша!

    Бас иелік, тағзым етіп Құдайға,

    Жеңіс әнін бізбен бірге шырқа!