Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

65-ӘН

Алға ұмтыл!

Алға ұмтыл!

(Еврейлерге 6:1)

  1. 1. Тек алға, бас алға толысу үшін!

    Бұл Құдайдың еркі, арттыр қабілетіңді.

    Жетілдір талаптанып қызметіңді,

    Баталарға кенеліп.

    Әркімнің орны бар қызметте,

    Иса да тер төккен бұл істе.

    Берік бол, Құдайдан күш сұрап күнде,

    Шындық жағында тұрып.

  2. 2. Тек алға, тек алға, батыл уағызда!

    Патшалық хабарын жеткіз барлық халыққа.

    Әлемнің Иесі Құдайды даңқта,

    Үйме-үй жарияла.

    Қас жаулар қорқытар шамданып,

    Кедергі жасауға қамданып.

    Мойымай Құдайдың шындығын айтып,

    Уағыздай бер қуана.

  3. 3. Тек алға, тек алға ұмтыл әрдайым!

    Бастаған ісіңді жеткіз соңына дейін.

    Құдайдың рухы сені жетелесін,

    Қуанышқа бөлесін.

    Жақсы көр табылған қойларды,

    Жүрекке жеткізіп тәлімді.

    Қайта бар нығайту үшін сенімді,

    Шындықтың нұрын шашып!