Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

20-ӘН

Сен Ұлыңды қидың

Сен Ұлыңды қидың

(Жоханның 1-хаты 4:9)

  1. 1. Ехоба, Әкеміз,

    Төлем бердің, рақмет.

    Зор үміт сыйладың,

    Шарасыз едік.

    “Бір сенің еншіңде

    Бұл күн мен ертең де.

    Еркіңді мәңгіге

    Орындаймыз” дедік.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Бердің сен Ұлыңды,

    Халқың болдық енді.

    Жүрек толып алғысқа,

    Мәңгі айтамыз бұл әнді.

  2. 2. Достығың, рақымың

    Баурайды көңілді.

    Жүректің төрінде

    Тұр сенің атың.

    Құтқардың сен бізді,

    Өтеп құнымызды.

    Бұл сый ең маңызды

    Ұлыңды қиғаның.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Бердің сен Ұлыңды,

    Халқың болдық енді.

    Жүрек толып алғысқа,

    Мәңгі айтамыз бұл әнді.

    АЯҒЫ:

    Ехоба, Әкеміз, қидың жалғызыңды.

    Жаудырдық мың алғыс, қабыл ал дұғамызды.

(Жох. 3:16; 15:13 қараңыз.)