Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

106-ӘН

Сүйіспеншілік қасиетін дамытайық

Сүйіспеншілік қасиетін дамытайық

(Қорынттықтарға 1-хат 13:1—8)

  1. 1. Рух жемісін дамыту үшін,

    Ехобаның сұраймыз күшін.

    Игі болса да әр қасиет,

    Сүю орны қашанда бөлек.

    Дана, батыл, өнерлі болсақ,

    Бар ма пайда сүюден қалсақ?

    Сөз бен ісіміз паш етсінші

    Біздегі сүйіспеншілікті.

  2. 2. Сүйе білген риясыз бәрін,

    Мұқтаж жанның ойлайды қамын.

    Әр кез бауырын кешіреді,

    Ыза-кектен аулақ жүреді.

    Жапа шексе жазықсыз егер,

    Сүйе білген бәріне төзер.

    Ешбір сынақта тізе бүкпес,

    Сүю күші ешқашан бітпес.