Қорынттықтарға 1-хат 10:1—33

  • Исраилдің тарихы — мәсіхшілер үшін сабақ (1—13)

  • Пұтқа табынушылыққа қатысты айтылған ескерту (14—22)

    • Ехобаның дастарқаны мен жындардың дастарқаны (21)

  • Еркіндік және өзгелердің сезімін ескеру (23—33)

    • “Бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер!” (31)

10  Ал енді, бауырластар, мынаны білгендеріңді қалаймын: ата-бабаларымыздың бәрі бұлт астында болды+, бәрі де теңізден өтті+,  бәрі Мұсаның соңынан еріп, бұлт және теңіз арқылы шомылдыру рәсімінен өтті,  бәрі бірдей Құдай берген тамақты жеді+,  суды ішті+. Себебі олар Құдай берген әрі соңдарынан еріп отырған “жартастан” су ішті. Ал бұл “жартас” Мәсіхті бейнеледі+.  Сөйткенмен де олардың басым көпшілігі Құдайға ұнамды болмай, шөл далада өлім құшты+.  Бұл бізге сабақ болды. Сондықтан солар сияқты жамандыққа құмар+ не  кейбірі іспетті пұтқа табынушы болмайық. Олар туралы: “Халық отырып, ішіп-жеді, кейін орындарынан тұрып, көңіл көтере бастады”,— делінген+.  Азғындық* жасаған кейбірі сияқты азғындыққа да салынбайық. Соның кесірінен бір күнде олардың 23 000-ы өлді+.  Сондай-ақ кейбіріне ұқсап Ехобаны сынамайық+. Сол үшін оларды жыландар шағып өлтірді+. 10  Кейбіреулері сияқты күңкілшіл болмайық+, сол үшін оларды қырып-жоюшы мерт қылды+. 11  Солардың бастарынан өткізгендері басқаларға сабақ болды және замандардың* соңында өмір сүріп жатқан біздерге ескерту ретінде жазылып қалдырылды+. 12  Сондықтан кім нық тұрмын деп ойласа, құлап қалудан сақ болсын+! 13  Сендер кезігіп жүрген азғырулар өзгелердікінен ерекше емес+. Құдай өз сөзіне адал: ол шамадан тыс сыналуларыңа жол бермейді+. Азғырылғанда адал болып қалуларың үшін, одан шығудың жолын көрсетеді+. 14  Сондықтан, сүйікті бауырластарым, пұтқа табынушылықтан аулақ болыңдар*+! 15  Сендерді түсінігі бар деп айтып отырмын, мұны өздерің ақылға салыңдар. 16  Біз Құдайға дұға етіп, бата сұраған тостаған Мәсіхтің қанынан үлес алуды+, ал біз сындырған нан Мәсіхтің денесінен үлес алуды білдіреді емес пе+? 17  Нан біреу болғандықтан, көп болсақ та, біз бір денеміз+, себебі бәріміздің жейтініміз — сол бір нан. 18  Исраил халқына қараңдаршы: құрбандықтан жегенде, олар құрбандық орнынан үлес алады емес пе+? 19  Сонда мен пұтқа бағышталған құрбандықтың шынымен мәні бар не пұттың өзі шынымен де Құдай деп тұрмын ба? 20  Жоқ, менің айтпағым — басқа ұлттар құрбандықтарын Құдайға емес, жындарға бағыштайды+. Ал мен сендердің жындармен үлестес болғандарыңды қаламаймын+. 21  Ехобаның да, жындардың да тостағанынан бірдей іше алмайсыңдар! Ехобаның да+, жындардың да дастарқанынан бірдей жей алмайсыңдар! 22  Әлде “Ехобаның қызғанышын оятпақпыз ба”+? Біз одан күшті емеспіз ғой! 23  Бәрін істеуге болады, бірақ бәрі бірдей пайдалы емес. Бәрін істеуге болады, бірақ бәрі бірдей рухани нығайтпайды+. 24  Әркім өзінің емес, өзгенің игілігін ойласын+. 25  Базардан алынған кез келген етті сұрастырмай-ақ, таза ар-ұжданмен жей беріңдер. 26  Өйткені “жер мен ондағының бәрі Ехобаға тиесілі”+. 27  Егер сендерді сенуші емес біреу тамаққа шақырып, баруға келіссеңдер, алдарыңа не қойылса да сұрастырмай-ақ, таза ар-ұжданмен жей беріңдер. 28  Бірақ әлдекім: “Бұл құрбандыққа шалынған”,— десе, осыны айтқан кісіге және ар-ұжданға бола оны жемеңдер+. 29  Мен сендердің емес, сол кісінің ар-ұжданын айтып тұрмын. Басқа біреудің ар-ұжданының менің еркіндігімді айыптағанын қаламаймын+. 30  Мен ризашылық білдіріп жесем, онда неге өзім ризашылық білдірген+ тамақ үшін датталуым керек? 31  Сондықтан ішсеңдер де, жесеңдер де не басқа нәрсе істесеңдер — бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер+! 32  Яһудилердің де, гректердің де, Құдай қауымындағылардың да сүрінуіне себеп болмаңдар+. 33  Мен де бәріне барлық жағынан ұнамды болуға тырысып, солар құтқарылсын деп+, жеке басымның емес, жұрттың игілігін ойлап жүрмін+.

Сілтемелер

Немесе “қоғамдық құрылымдардың”.
Немесе “қашыңдар”.