Тімөтеге 2-хат 2:1—26

  • Хабарды тәлім беруге қабілетті кісілерге сеніп тапсыр (1—7)

  • Ізгі хабар үшін жапа шегу (8—13)

  • Құдай сөзін дұрыс үйрет (14—19)

  • Жастық шаққа тән қалаулардан аулақ бол (20—22)

  • Қарсыластарға қатысты берілген нұсқау (23—26)

2  Сонымен, балам+, Мәсіх Исамен бірлікте болудың арқасында өзіңе көрсетілген рақымнан күш-қуат ала бер.  Сондай-ақ көптеген куәгерлердің көзінше менен естігендеріңді+ адал кісілерге сеніп тапсыр, сонда олар да өзгелерге тәлім беруге қабілетті болады.  Мәсіх Исаның жақсы сарбазы ретінде+ қиындық көруге дайын бол+.  Ешбір сарбаз өзін әскери қызметке алған кісінің ықыласына ие болу үшін, сауда-саттықпен айналыспайды*.  Жарысқа қатысатын адам да жарыс ережесін бұзса, жүлде* алмайды+.  Тер төгіп еңбек еткен диқан өз өнімінен бірінші болып дәм татуы тиіс.  Осы айтқандарым жөнінде әрдайым ой жүгірт, сонда Иеміз саған бәрін ұғуың үшін түсінік береді.  Иса Мәсіхтің қайта тірілгенін+ және оның Дәуіттің ұрпағы болғанын+ есіңде ұста. Мен уағыздап жүрген ізгі хабар — осы+.  Осы уағыз үшін мен азап шегіп, қылмыскер ретінде түрмеде отырмын+. Сөйтсе де Құдай сөзі бұғауланған жоқ+. 10  Сондықтан Құдай таңдап алғандар да Мәсіх Иса арқылы құтқарылуы әрі мәңгілік даңққа ие болуы үшін бәріне төзіп жүрмін+. 11  Мына сөздер сенуге тұрарлық: онымен бірге өлсек, міндетті түрде онымен бірге өмір сүреміз+; 12  табандылық таныта берсек, онымен бірге патша ретінде билік етеміз+; одан бас тартсақ, ол да бізден бас тартады+; 13  тіпті біз адалдығымыздан тайсақ та, Құдай адалдығынан таймайды, өйткені ол өз болмысына қайшы әрекет ете алмайды. 14  Осыларды үнемі естеріне салып, сөздерге бола айтысып-тартыспауды Құдай алдында ескерт. Өйткені мұның еш пайдасы жоқ, тыңдаушыларға тек нұқсан келтіреді. 15  Құдай алдында оған ұнамды болу және шындық сөзін дұрыс үйретіп, еш ұятқа қалмайтын жұмысшы болу үшін қолыңнан келгеннің бәрін істе+. 16  Қасиеттіні қор қылатын бос әңгімелерден аулақ бол+. Бұларды айтатындар Құдайға ұнамсыз істерді бұрынғыдан да көп жасайтын болады, 17  ал сөздері қағына тиген жарадай* жайылмақ. Сондайлардың арасында Именей мен Філет бар+. 18  Олар қайта тірілу болып қойды деп, шындық жолынан тайды+ және кейбіреулердің сенімін жоюда. 19  Бірақ Құдай қалаған берік негіз еш шайқалмайды. Онда келесі сөздер мөр басылғандай жазылған: “Ехоба өз меншігіндегілерді біледі”+ және “Ехобаның есімін атап шақырған+ әркім әділетсіздікке жоламасын!” 20  Үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыстар да бар. Олардың бірі қадірмен тұтылса, өзге бірі қадір-құрметтен ада. 21  Сондықтан кім соңғыларынан аулақ жүрсе, қадірмен тұтылатын, қасиетті, иесінің пайдасына асатын әрі игі іске дайын ыдыс болады. 22  Сол себепті сен жастық шаққа тән қалаулардан аулақ бол, қайта, таза жүрекпен Иемізге арқа сүйейтіндермен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік пен татулыққа ұмтыл. 23  Сондай-ақ ақылсыз, мәнсіз айтыстарға жолама+, олардың дау-жанжал туғызатынын білесің ғой. 24  Иеміздің құлы жанжалдаспау керек. Ол бәріне мейірбан*+, тәлім беруге қабілетті және жамандыққа кезіккенде, ұстамды болу керек+. 25  Сондай-ақ айтылған сөзбен келіспейтіндерді жұмсақтықпен ескерткен дұрыс+. Сонда Құдай оларды өкіндіріп, тура білімге ие қылар+. 26  Сонда Ібіліс өз еркін орындату үшін өздерін тірідей ұстап алғанын+ көріп, естерін жияды да, оның тұзағынан босана алады.

Сілтемелер

Мүмкін: “күйбең тірлікке араласпайды”.
Сөзбе-сөз “тәж”.
Немесе “гангрена сияқты”.
Немесе “ілтипатты”.