Аян 14:1—20

  • Тоқты және 144 000 (1—5)

  • Үш періштенің хабары (6—12)

    • Әуедегі періштенің ізгі хабары (6, 7)

  • “Иемізбен бірлікте өлетіндер бақытты” (13)

  • Жер бетіндегі екі орақ кезі (14—20)

14  Сосын қарадым да, Сион тауында+ тұрған Тоқтыны+ көрдім. Қасында маңдайларына Тоқтының есімі мен оның Әкесінің есімі+ жазылған 144 000+ тұр екен.  Сонда сарқырап аққан көп судың гүріліндей және күннің қатты күркіріндей көктен шығып жатқан дыбысты естідім. Ол арфада ойнап, ән салып жатқандардың үніндей еді.  Олар тақтың, төрт тіршілік иесі+ мен ақсақалдардың+ алдында бейне бір жаңа ән айтып тұрды+. Бұл әнді жерден сатып алынған 144 000-нан+ басқа ешкім үйрене алмады.  Бұлар өздерін әйелдермен болып арамдамай, пәк ұстағандар+ әрі Тоқты қайда бармасын, оған еріп жүретіндер+. Олар адамдар арасынан алғашқы өнім ретінде+ Құдай мен Тоқтыға арнап сатып алынды+.  Олардың ауыздарынан жалғандық табылмады. Оларда еш мін жоқ+.  Содан кейін әуеде ұшып бара жатқан басқа бір періштені көрдім. Оның жер бетінде тұратындарға — әрбір ұлт, ру, тіл және халыққа жариялайтын мәңгілік ізгі хабары бар екен+.  Ол қатты дауыспен: “Құдайдан қорқып, оны дәріптеңдер, өйткені оның соттайтын уақыты келді+. Сондықтан көк пен жерді, теңіз бен су көздерін жаратқан+ Құдайға ғибадат етіңдер!”— деп бара жатты.  Оған екінші періште ілесіп: “Ол құлады! Ел атаулыға өзінің азғындығының* құмарлығына толы шарапты ішкізген+ Ұлы Бабыл+ құлады+!”— деді.  Оларға үшінші періште еріп, қатты дауыспен былай деді: “Кімде-кім жыртқыш аң+ мен оның мүсініне ғибадат етсе және маңдайына не қолына оның таңбасын салдырса+, 10  ол да Құдайдың ашуына толы шараптан — оның қаһарының тостағанына құйылған таза шараптан — ішіп+, киелі періштелер мен Тоқтының алдында от пен күкірттен азап шегеді+. 11  Олардың азабының түтіні мәңгілік бойы шығып жатады+. Жыртқыш аң мен оның мүсініне ғибадат ететіндер мен оның есімінің таңбасын салдырғандарға+ күні-түні тыным болмайды. 12  Мұнда қасиеттілерге, яғни Құдайдың өсиеттерін орындайтын әрі Исаға деген сенімін берік сақтайтындарға+, табандылық қажет+”. 13  Сонда көктен былай деген дауысты естідім: “Жазып қой: осы уақыттан бастап Иемізбен бірлікте өлетіндер+ бақытты. Киелі рух: —Иә, олар еңбектерінен тынықсын, өйткені істері өздерімен бірге барады,— дейді”. 14  Содан соң қарадым да, ақ бұлтты көрдім. Оның үстінде басына алтын тәж киіп, қолына өткір орақ ұстаған адам ұлына ұқсас біреу+ отыр екен. 15  Ғибадатхананың қасиетті бөлігінен басқа бір періште шығып, бұлт үстінде отырғанға қатты дауыстап: “Егінге орағыңды салып, орып ал, өйткені жер бетіндегі өнім түгел пісіп, орақ уақыты басталды+”,— деді. 16  Бұлт үстінде отырған жерге қарай орағын сілтегенде, жердегі өнім орылды. 17  Көктегі ғибадатхананың қасиетті бөлігінен тағы бір періште шықты, ол да қолына өткір орақ ұстап алыпты. 18  Құрбандық ошағы тұрған жақтан отқа билік ететін басқа бір періште шықты. Ол өткір орағы бар періштеге: “Өткір орағыңды салып, жердегі жүзім бұтасының шоқтарын жинап ал, өйткені жемісі пісіп тұр”+,— деп қатты дауыстады. 19  Періште орағын жерге сілтеп, ондағы жүзім бұтасын кесіп алып, Құдайдың қаһарын білдіретін жүзім сығатын үлкен орынға лақтырды+. 20  Жүзім қала сыртындағы шырын сығатын сол орында тапталып, одан тереңдігі аттың жүгеніне дейін, ал ұзындығы 300 шақырымдай* жерге жететін қан ағып шықты.

Сілтемелер

Грекше “порниа”. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “1600 стадий”. 1 стадий 185 м-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.