Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Астана қаласы

ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ

Қазақстан

Қазақстан

ҒАСЫРЛАР бойы қазақ халқы көшіп-қонып жүрген. Әлі күнге дейін мал шаруашылығымен айналысатындар жыл мезгілдеріне қарай әртүрлі жайылымдарға көшіп отырады. Жазда олар суы мол, шөбі шүйгін таудың салқын жайлауларына қоныс тепсе, қыс мезгілі таяғанда таудан ыққа қарай төмен түседі.

Қазақстанда қалалар өркендеп, заман дамып келе жатса да, ата-бабасынан қалған әдет-ғұрыпты сақтап, дәстүрлі тағамы мен қолөнер бұйымдарын жасайтын қазақтар көп. Мәдени мұралары болса поэзиялық шығармалар мен сазды әндерге, ұлттық аспаптарда ойналатын күйлерге өте бай.

Киіз үй табиғатпен тамырлас қазақ халқы үшін көшіп-қонуға ыңғайлы баспана болған. Ол адамның табиғатпен үйлесе өмір сүретінінің символына айналды. Малшылардың көбісі әлі күнге дейін киіз үйде тұрғанды ұнатады. Ал қала тұрғындары оны тек ерекше мерейтойларда тігеді. Қазақстанды тамашалауға келген қонақтар да киіз үйде түней алады. Киіз үйдің іші қазақ әйелдерінің кесте тігуге, ою-өрнек басуға, кілем тоқуға шебер екенін аңғартады.

Киіз үйдің іші

Қазақ халқы жылқы жануарын қашанда қазынаға балаған. Қазақ тілінде жылқының 20-дан аса атауы бар. Ал жылқының өң-түсіне нұсқайтын 30-дан аса сөз бен сөз тіркестері кездеседі. Қазір де сыйлы қонаққа ат мінгізу өте бағалы сый саналады. Ауылда туып-өскен балалардың көбісі жастайынан ат құлағында ойнайды.

Ұлттық тағамдар еттен дайындалады және оларға дәмдеуіштер онша қосыла бермейді. Ал сусындарына ауруға ем, сауға қуат болатын қымыз және дәмді шұбат жатады.

Ехоба куәгерлерінің филиалы Алматы қаласында орналасқан. Экскурсияға барамын деушілерге есік ашық.

Қазақстанда мекендейтін барыс жазда тау шыңдарында жүреді