Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Сенің Патшалығың келсін!” Миллиондаған адамның тілеуі

“Сенің Патшалығың келсін!” Миллиондаған адамның тілеуі

Ғасырлар бойы сан мыңдаған адам Құдайдан “Сенің Патшалығың келсін!” деп тілеп келеді (Матай 6:10). Сіз де Құдайға осылай дұға айтқансыз ба? “Сенің Патшалығың келсін!” деп дұға айту неге маңызды? Өйткені Иса пайғамбар ізбасарларына осылай етуді айтқан.

Иса пайғамбар ізбасарларына Құдай Патшалығы жайында айтып бергенде, алғашында ізбасарлары оның сөздерінің мәнін толық түсінбеді. Бірде олар: “Ием, Исраилге патшалықты қазір қайта орнатасыз ба?”— деп сұрады. Бірақ Иса оларға нақты жауап бермеді (Елшілердің істері 1:6, 7). Сонда, Құдай Патшалығы дегеннің не екенін және оның қашан келетінін біз де біле алмаймыз ба? Жоқ, мүлде олай емес!

“Күзет мұнарасы” журналының осы санында сіз мына сауалдардың жауабын біле аласыз:

  • Құдай Патшалығы деген не?

  • Құдай Патшалығы бізге не үшін қажет?

  • Құдай Патшалығының Патшасы кім?

  • Құдай Патшалығы жер бетіне қашан билік етеді?

  • Құдай Патшалығы қандай істер атқаратын болады?

  • Құдай Патшалығын неге қазірден бастап қолдауымыз керек?