Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Кемел келешекке кепілдік бар ма?

Кемел келешекке кепілдік бар ма?

Алдыңғы мақалаларда білгеніміздей, адамдар болашақтың жақсы болуы тағдырға, білімге, байлыққа, жақсы адам болуымызға байланысты деп сенеді. Бірақ осыларға сену діттеген жерге жеткізбейтін қате картаға сенумен бірдей. Сонда ешкім де, еш нәрсе де жарқын болашаққа кепілдік бере алмай ма? Жоқ, олай емес.

АДАМ АҚЫЛЫНАН АСҚАН ДАНАЛЫҚ

Қандай да бір шешім қабылдау үшін әдетте біз көп жасаған, көпті көрген дана кісілерге барып, ақыл сұраймыз. Болашаққа қатысты да бағыт-бағдар, ақыл сұрауға болатын біреу болса ғой дейтін шығармыз. Қуанышымызға орай, ондай біреу бар. Ол бізге жөн сілтейтін, құнды ақыл-кеңестерге толы бір кітап тарту еткен. Шамамен 3500 жыл бұрын жазыла бастаған бұл қасиетті кітап Киелі жазбалар деп аталады. Ол көпшілікке Тәурат, Зәбүр, Інжіл деп те белгілі.

Неге бұл кітапқа сенім артуға болады? Өйткені оның авторы — Алла Тағаланың өзі. Ол — күллі ғаламда ең көп жасаған әрі ең дана. Киелі жазбаларда да ол “Ежелден бар Тәңір Ие”, “мәңгілік Құдай” деп аталған (Даниял 7:9; Зәбүр 90:2). Сондай-ақ ол — көктің жаратушысы әрі жерді қалыптастырған шынайы Құдай (Ишая 45:18). Киелі кітапта оның есімі Ехоба екені айтылады (Зәбүр 83:18).

Бүкіл адамзатқа өмір сыйлаған Жаратушы бір ұлтты бір ұлттан биік қоймайды. Сондықтан оның Сөзі Киелі жазбалар — барлық халықтарға ортақ. Кез келген адам қай елде, қай заманда өмір сүрсе де, бұл кітаптың игілігін көре алады. Басқа ешқандай кітап Киелі жазбалар сияқты көп тілге аударылып, кең таралған емес *. Жер бетінде әрбір адам бұл кітапты өз ана тілінде оқып, ішіндегі ақыл-кеңестерден сусындап, кәдесіне жарата алады. Киелі кітаптың өзі де бұл айтылғандарды былай деп растайды:

“Құдай ешкімді алаламайды... Ол өзінен қорқатын және әділ әрекет ететін әрбір адамды, қай ұлттан шықса да, қабыл алады” (ЕЛШІЛЕРДІҢ ІСТЕРІ 10:34, 35).

Балаларына ақыл-кеңес беріп, тура жолға салатын қамқор ата-ана сияқты, мейірімді Құдайымыз Ехоба да өзінің Сөзі Киелі кітап арқылы бізге жол көрсетеді (Тімөтеге 2-хат 3:16). Құдай бізді жаратқандықтан, қай жолмен жүргеніміз дұрыс екенін ол ғана біледі. Сондықтан Киелі кітапқа толығымен сенім артуға болады.

Бұндай керемет болашақты иемдену үшін не істеуіңіз керек? Мұны келесі мақалада білесіз.

^ 6-абзац Киелі кітаптың қалай аударылып, қалай таралып жатқаны жайлы көбірек білу үшін, www.isa4310.com сайтына кіріп, КИЕЛІ КІТАП ТӘЛІМДЕРІ/ТАРИХ ЖӘНЕ КИЕЛІ КІТАП деген жерді қараңыз.