Мазмұнға өту

ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Сегізаяқтың таңғажайып қармауыштары

Сегізаяқтың таңғажайып қармауыштары

 Робот жасайтын инженерлер дәрігерлерге арнап адам денесінің қол жетпейтін қуыстарына ота жасауға мүмкіндік беретін құрылғылар ойлап табуда. Олардың көмегімен денені үлкен етіп кеспей, отаны бірнеше тесік арқылы жасауға болады. Осы саладағы бір жаңашылдық: сегізаяқтың аса икемді қармауыштарына сүйеніп бір құрылғы жасап шығарылды.

 Көңіл қоярлық жайт. Сегізаяқтар өздерінің ұзын да епті сегіз қармауышымен тіпті кішкентай қуыстарға кіріп, ондағы заттарды ұстап, қысып, езіп тастай алады. Олар қармауыштарын кез келген бағытқа иіп қана қоймай, қажет кезінде қармауышының әртүрлі бөлігін қатайта алады.

 Зерттеушілер сегізаяқтың қармауыштары сияқты жұмсақ та икемді робот-қармауыш адам денесін мейлінше аз кесу арқылы ота жасауда таптырмас құрал болады деген ойда. Осындай құрылғының арқасында отаны әлдеқайда күрделі жолмен жасаудың қажеті болмас еді.

 Сегізаяқ қармауыштарының епті қимылы

 Мұндай робот-қармауыш қазірдің өзінде жасалып, жасанды оталарда қолданылуда. 13,5 сантиметрлік бұл қармауыштың бір бөлігі адамның жұмсақ ішкі мүшелерін еш зақым келтірмей көтеріп, ұстап тұрса, өзге бөлігі ота жасайды. Осы құрылғыны жасап шығарушылардың бірі Томмазо Ранзанидің айтуынша, “бұл құрылғы артықшылығы көп, әлдеқайда жетілдірілген құрылғыларды жасауға бастама бермек”.

Жұмсақ та икемді робот-қармауыш ота жасауда таптырмас құрал болмақ

 Сіз қалай ойлайсыз? Сегізаяқтың қармауыштары эволюция барысында пайда болды ма, әлде бұл Жаратушының туындысы ма?