Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттесем, мен де кейін Ехоба куәгері болуға міндеттімін бе?

Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттесем, мен де кейін Ехоба куәгері болуға міндеттімін бе?

Жоқ, міндетті емессіз. Миллиондаған адам Ехоба куәгері болмай-ақ Киелі кітап сабақтарын өтіп жүр a. Бұл сабақтардың мақсаты — адамға Киелі кітаптың неге үйрететінін көрсету. Алған білімін қолдану-қолданбау оның өз еркінде. Әрбір адам неге сенетінін өзі таңдайтынымен біз толық келісеміз (Ешуа 24:15).

Сабақта өз Киелі кітабымды қолдансам бола ма?

Әрине. Негізінде, біз “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы” бойынша сабақ өткізгенімізбен, сіздің өз Киелі кітабыңызды қолдануыңызға еш қарсы емеспіз. Себебі Киелі кітаптың қай аудармасын оқысаңыз да, үміт пен құтқарылу туралы ізгі хабар бәрінде жазылған.

Сенімдеріңізді қабылдамайтын адамдармен не үшін сабақ өтесіздер?

  • Ехоба Құдай қызметшілерінің алған тәлімдерін басқаларға да үйреткенін қалайды. Біз оны сүйгендіктен, осы қалауын орындағымыз келеді (Матай 22:37, 38; 28:19, 20). Құдаймен бірге қызмет ету, яғни адамдарға оның Сөзінен тәлім алуға көмектесу — біз үшін үлкен мәртебе (Қорынттықтарға 1-хат 3:6—9).

  • Тағы бір себеп — өзге адамдарға деген сүйіспеншілігіміз (Матай 22:39). Өзіміз аса бағалы деп тапқан біліммен бөлісу бізге көп қуаныш әкеледі (Елшілердің істері 20:35).

a Ехоба куәгерлері жүргізетін Киелі кітаптық ағарту жұмысы жайлы есеп: 2023 жылы ай сайын 7 281 212 зерттеу сабағы өткізілген. Бір сабаққа бірнеше адам қатысқан жағдайлар да аз емес. Алайда сол жылы Ехоба куәгерлерінің қатарына тек 269 517 адам қосылды.