Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлерінде қызметтеріне ақы төленетін дінбасылар бар ма?

Ехоба куәгерлерінде қызметтеріне ақы төленетін дінбасылар бар ма?

І ғасырдағы мәсіхшілер қалдырған үлгіге сай, Ехоба куәгерлері дінбасылар мен қарапайым сенушілер болып бөлінбейді. Шомылдыру рәсімінен өткен Куәгерлердің барлығы діни қызметшілер, әрі бәрі де уағыз бен тәлім беру ісіне атсалысады. Куәгерлердің қауымдары шамамен 100 шақты адамнан тұрады. Әр қауымда рухани толысқан ер кісілер “ақсақал” болып қызмет етеді (Титке 1:5). Олар қызметтері үшін ақы алмайды.