Мазмұнға өту

“Ең көне пайдалы кітап” атты киоскінің алдында тұрған бауырластар

24 ҚАРАША, 2023
ЭКВАДОР

Эквадордағы халықаралық кітап көрмесінде көрсетілген ең көне пайдалы кітап

Эквадордағы халықаралық кітап көрмесінде көрсетілген ең көне пайдалы кітап

2023 жылдың 20—24 қыркүйек аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында тоғызыншы халықаралық кітап көрмесі өтті. Осы көрмеге 30 000-нан аса қонақ келді. Қонақтарды әдебиеттерімізбен таныстыру үшін бауырластарымыз киоск жасады. Оған адамдарды қызықтыратындай “Ең көне пайдалы кітап” деген атау берді. Бұл атау Киелі кітаптың барлық жастағы адамдар үшін пайдалы екенін көрсетті. Әдебиеттеріміз қытай, ағылшын, португал, кечуа (Имбабура), кечуа (Чимборасо) және испан тілдерінде қойылды. Бұл шараға 150-ге жуық бауырлас қатысты. Олар қонақтарға 700-ден астам басылымдар таратып, jw.org сайтын қолдануды да көрсетті.

Әйел бауырлас бір қызға jw.org сайтынан әдебиеттерді қалай жүктеп алуға болатынын көрсетіп жатыр

Бауырластар тұрған киоскіге жасөспірім балаларымен келген бір әке балаларының қиындықтарын уайымдап жүргенін айтты. Сонда бауырластарымыз Киелі кітап принциптері ескірмейтінін және жастарға қиындықтармен күресуге көмектесе алатынын түсіндірді. Сөйтіп, әлгі ер адам “Жастардың сауалдары. Пайдалы кеңестер” деген кітаптың 1, 2-томын алып, былай деді: “Бұл көрмеден осыншалықты құнды кітаптарды табамын деп еш ойламаппын!”

Бір әйел киоскіге жақындап, бауырластардан Киелі кітап сұрады. Ол қорғалатын тұрғын үй кешенінде тұратындықтан, Ехоба куәгерлерін кездестіре бермейді екен. Сонда әйел бауырласымыз оған Киелі кітап беріп, Киелі кітап зерттеу сабағы қалай өтетінін түсіндірді. Кейін әлгі әйел jw.org сайты арқылы Ехоба куәгерлерінің келуіне өтініш жасады.

Бауырластар киоскіге келген ер адаммен сөйлесіп тұр

Осы көрмеге қатысқан Диего есімді ер бауырлас былай дейді: “jw.org логотипі көп адамға таныс болғанымен, олардың кейбіреулері қандай хабар айтып жүргенімізді біле бермейді. Осы шара оларға Киелі кітаптың қаншалықты құнды екенін түсінуге көмектесті деп ойлаймын”.

Эквадордағы бауырластарымыздың адамдарға ең көне пайдалы кітап — Киелі кітаптағы даналықпен жақсырақ танысуға көмектескендеріне қуаныштымыз (Нақыл сөздер 3:21).