13 ҚЫРКҮЙЕК, 2023 | ЖАҢАРТЫЛДЫ: 12 НАУРЫЗ, 2024
РЕСЕЙ
СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: БАУЫРЛАСЫМЫЗ АЙЫПТЫ ДЕП ТАБЫЛДЫ | “Ехоба куәгері екенімді мақтан тұтамын!”
2024 жылдың 1 наурызында Орёл қаласының Советский аудандық соты Татьяна Пискарёва бауырласты айыпты деп тауып, оған 2 жыл 6 ай мәжбүрлі еңбек ету жазасын тағайындады. Ол түзету мекемесінде тұрып, қоғамдық жұмыс істейтін болады.
Қысқаша мағлұмат
Татьяна сияқты, Ехобаның өкілі екенімізді, ол әрқашан қасымыздан табылатынын білгеніміз бізге күш береді әрі жұбатады. Оның Куәгері атану — асқақ мәртебе! (Ишая 44:8).
Істің барысы
9 желтоқсан, 2020
Татьяна мен Владимирдің үйіне тінту жүргізілді. Владимир тұтқындалды
11 желтоқсан, 2020
Владимир бауырлас тергеу изоляторына жіберілді
28 қазан, 2021
Татьяна бауырласқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
10 сәуір, 2023
Қылмыстық сот ісі басталды